2016 жылы мектеп бағдарламасында үлкен өзгерістер болады

2016 жылы мектеп бағдарламасында үлкен өзгерістер болады

2016 жылы қазақстандық оқушыларды үлкен өзгерістер күтеді. Бірінші сынып оқушылары ғылымға кіріспе, ал жоғарғы сынып оқушылары бұрын-соңды өтілмеген пәндер оқиды. Бұдан өзге физика, биология, химия сынды пәндерді бесінші сыныптан бастап меңгерулері мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі YK-news.kz ақпараттық порталына сілтеме жасай отырып.

2010 жылы Қазақстанда 2020 жылға дейін білімді дамыту бағдарламасы қабылданған болатын. Аталған құжатта еліміздің болашақ мектептері қандай болатындығы көрсетілген. Шенеуніктердің жоспарлауынша, қолына бор ұстаған оқушылар интерактивті тақтада жазуды үйреніп, білім алу барысында планшет, смартфон сынды құрылғылармен «қарулануы» тиіс болатын. Бұдан өзге ҰБТ-ны бастан үш рет өткеру мәселесі де қарастырылған екен.

Алайда 2015 жылы еліміздің білім жүйесінде айтарлықтай өзгеріс болмады. Басшылық 20 жылдыққа бағытталған реформаны кейінге шегерді. Нәтижесінде Білім министрлігі барлық мектепте бірдей жүзеге асатын масштабтық реформа ойлап тапты. 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап республикамыздың 30 мектебінде бірінші сынып оқушылары ғылым нәрімен сусындайтын болады. Нақтырақ айтқанда ғылымға қатысты арнайы пән өтеді. 2016 жылдан бастап аталған пән барлық мектепте өтіледі. Осылайша 2026 жылға дейін өсіп келе жатқан ұрпақ жаңа стандартқа сай білім алады.

Келер жылдан не күтеміз?

Алдымен «ғылымға кіріспе» атты пәннің енгізілетіндігін айта кетейік. Бұл пәнді 2016 жылдан бастап бірінші сынып оқушыларының сабақ кестесіне қосады. Тәжірибе жүргізуге арналған пән аптасына 1-2 рет өтіледі. Осылайша оқушылар бесінші сыныпқа дейін ғылым әлеміне енеді. Артынша аталған пәнді басқасы алмастырады.

Сурет: tk.nis.edu.kz 

Қ. Бүйенбай