2015 жылдың тест тапсырмалары жақын күндері жарияланады

2015 жылдың тест тапсырмалары жақын күндері жарияланады

2015 жылы ҰБТ-ның жаңа тапсырмалары тексеріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Megamozg.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

«ҰБТ тапсырмаларын тексеру бастауыш сынып оқушыларына арналған сұрақтардан басталады. Жаңа мазмұндағы орта буын оқушыларына арналған сұрақтар да қаралады. Тестідегі өзгерістер оқушының шын білімін анықтайды. Әрі ҰБТ тапсырмалары әлемдегі өзге әріптестеріміздің тәжірибесіне сәйкес үнемі өзгеріп отырады. Материалды үкіметке тек нақты ұсыныстар болған кезде ғана жолдаймыз. Содан соң жаңа жүйе біртіндеп қолданысқа ене бастайды», - дейді Білім және ғылым министрі Аслан Саринжипов.

«Барлық тәртіп бұзушыларға тосқауыл қойылды. Республика оқушылары өткен жылға қарағанда жоғары көрсеткіш көрсетті. Ал бұл дұрыс бағытта келе жатқанымыздың айғағы», - деп Білім және ғылым министрі 2014 жылы ҰБТ-ның өте жоғары деңгейде өткенін мәлімдеді.

2014 жылы ҰБТ 2 маусымда басталып, 8 маусымда аяқталған болатын. 87,5 қазақ оқушылары 7 күнге созылған тестілеуге қатысып, ең жоғарғы балды тек 4 оқушы алған. Оның екеуі Алматыныкі, қалған екеуі Оңтүстік Қазақстан жерінің тумалары.

Оқи отырыңыз:

Мектепті бітірген соң Францияда білім алғыңыз келе ме?

Сынып старостасы болған дұрыс па?

Кітапты не үшін оқимыз?

Оқушы қыздардың ханшайымға айналуы

Соңғы парта немесе "ұстаздан қашқан оқушы" психологиясы

Оқушылар не себепті төбелеседі?

Сурет: voxpopuli.kz (өңделген)

Қ. Бүйенбай