Қытайдың білім беру жүйесі қандай? #2

Қытайдың білім беру жүйесі қандай? #2

Қытай орта мектептерінің бағдарламасы ақыл-ой мен дене еңбегіне арналған. Үнемі адамгершілікке баулуға тырысады. Негізінен ана тілі, әдебиет, математика, тарих, физика, химия, биология, география, шет тілі, саясаттану, физиология, дене шынықтыру, музыка және сурет өнері сынды пәндерді оқытады.

Екі семестрден құралған оқу жылы қыркүйек айынан басталып, 9,5 айға дейін жалғасады. Күнделікті сабақ таңертеңнен түске дейін аптасына 5 рет болады.

Орта мектептің академиялық бағытына сәйкес оқушылар түрлі экзамен тапсырады. Соның бірі – қорытынды экзамен.

Талапкер мектеп аттестатын алу үшін қытай тілі, математика, география, информатика және биология пәндерінен экзамен тапсыруға міндетті.

ҰБТ барлық мектепте бір уақытта мамыр айында өтеді. Тест қорытындысы 100 балдық шкалаға сәйкес анықталады.

Жоғарғы білім

Қытай жоғарғы біліміне университет, колледж, кәсіби жоғарғы мектептер кіреді. Аталған оқу орындарында әлемдік деңгейдегі стандарттарға сай келетін кадрлар дайындайды. Экономиканы дамыту үшін саясат, экономика, құқықтану, қаржы, көлік құрастыру, сәулет, электроника, компьютерлік технологиялар, жеңіл әрі азық-түлік өндірісі сынды мамандықтарды да қамтыған.

Қытай ЖОО-лары политехникалық және техникалық болып екіге бөлінеді. Алғашқысын Пекиннің Цинхуа, кейінгісін Хэфей қаласындағы Қытай университеті толықтырады.

Қытайдың политехникалық ЖОО-ларында техникалық және табиғаттану факультеттері бар. Болат, геология, мұнай, химиялық технология мен тау-кен институты техникалық бағытқа енеді.

Жалпы бағыттағы Пекин, Фудань (Шанхайда), Нанкай (Тяньцзин) секілді университеттердің гуманитарлық, табиғаттану бағыттарындағы факультеттері бар. Гуманитарлық факультеттерінде тіл, әдебиет, тарих, құқықтану, философия, экономика салаларына қажетті мамандарды даярлайды. Ал табиғаттану факультеттерінде математика, физика, география, геология, химия, радиоэлектроника мамандықтары оқытылады.

Қытайда білім жоғары бағаланады. Білім ұлттық құндылықтар мен мүдде арасында алдыңғы қатарға шығады.

Арнайы техникалық мектептер мен академиялық бағыттағы мектептердің жоғарғы білімге ие болу мүмкіндіктері өзгелеріне қарағанда көбірек.

Талапкер экзаменді қай ЖОО-ға барып тапсыратынын мектептегі қорытынды экзаменен жинаған балына байланысты таңдайды. Ал ЖОО-ға тапсыру үшін 7 пән бойынша экзамен тапсыруы керек.

ЖОО-да бір орынға 100 үміткер болатындықтан, екінің бірі ЖОО грантын иелене алмайды.

Көп жағдайда талапкерлер ақылы бөлімге тапсырады. Ал кейде талапкер оқуын жұмыс орны төлейді. Талапты оқушылар мемлекет тарапынан шәкіртақы, жәрдемақы алып отырады.

Әдетте шағын кәсіптік ЖОО-да 2-3 жыл оқиды. Аталған оқу орнын бітірген студенттер жұмыс істеу үшін өнеркәсіп саласына барады.

Төрт жылдық бакалавр бағдарламасы бар колледждер техникалық және орта мектептердің оқушыларын қабылдайды. Бакалавр деңгейін тәмамдаған соң диплом алады.

Университетте бакалавр деңгейін 4-5 жылда алады. Аспиранттарды дайындау екі категорияға жіктеледі. Аспиранттураға тапсырушылардың жасы 40-тан аспауы керек. 

Пекин, Пекин тілдер институты, Сычуань мен Далянь – Қытайдағы ең танымал университеттер.

Сурет:rudaki.ru 

Қ. Бүйенбай