Саяхаттауға мүмкіндік беретін мамандықтар

Саяхаттауға мүмкіндік беретін мамандықтар

Кезекті демалыс немесе каникул кезінде ғана саяхаттауды көп адам ұната бермейді. Сол себепті оқушылар болашақта басшысының өзі саяхаттауға жіберетіндей жұмыстарға орналасқысы келеді. Мұнымен қатар, ағайын, туыс-бауырларынан жырақта жүре алмайтын азаматтар да өсіп келеді. Кезекті материалымызда үнемі іссапарда жүруге мүмкіндік беретін мамандық түрлерін қарастырамыз.

ЖОО таңдайтын кезде

Студенттік шағыңыздан бастап тынымсыз қозғалыста болуды жөн көресіз. Бірақ сіз таңдаған оқу орнында шетелмен білім алмасу бағдарламасы жоқ. Осының салдарынан өзге құрдастарыңыз ел аралап, мемлекет үшін маңызда іссапарда жүргенде, сіз үй мен ЖОО-ның арасында ғана «саяхаттауға» мәжбүр боласыз. Сол себепті бірден беделді оқу орнын таңдаңыз. Мұндай бағдарламалар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚБТҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті секілді ЖОО-ларда болады.

Кім боламын?

Бұл сұрақтың жауабы өте нақты болуы керек. Сіз дәрі-дәрмек жасап, оны мемлекет деңгейінде тасымалдағыңыз келе ме? Әлде экология мәселесіне қызығасыз ба? Мүмкін шетелдік фабрикалармен жұмыс істегіңіз келетін шығар? Өзге елдің өркениетімен сусындап, редакцияға қызықты мақалалар жіберіп отырғанды ұнатасыз ба? Туризм саласын таңдап, шетелдік қонақ үйлерде жүруді қалайтын шығарсыз? Спортшы, аудармашы, аудитор болсаңыз ше?

Әлемдік деңгейдегі жарыстарға қатысып, саяхаттайтын спортшы болу үшін қажырлы еңбек керегін ескеріңіз. Ең жақсысы, жанкүйерлер спортшының өмірін жіті бақылап отырады. Яғни көрермендер көзайымына айналуыңызға мүмкіндік туады. Бойыңызда ерекше өнеріңіз болса, нұр үстіне нұр болар еді. Аталған талантыңыздың арқасында жаңа мүмкіндіктердің есігі ашылады. 

Қазақстан Республикасының құқығын толық біледі деген ең мықты заңгерлер шетелге шыға алмауы мүмкін. Себебі әр елдің заңы басқа. Тіпті көптеген жұлдыз шетелге гастрөлдік сапарға шығу мүмкіндігінен құр қалған. Іссапарды жақсы көретін адам кез келген ситуацияға жылдам бейімделіп, таныссыз да нан тауып жей алатындай дәрежеде болуы тиіс. «Келді, көрді, жеңді!» қағидасына сай өмір сүргені жөн. Мұндай адамдар іссапарға жібермейтін жұмыстарға орналасса да, өз бетінше мемлекетті аралайды. Артынша бизнес түріне сәйкес филиалдар ұйымдастырады. Осылайша бизнесті барлық аймақта дамытатын менеджерлерге айналады.

Ең бастысы, іссапарға жиі баратын адамдарға көп ақша төленеді. Жалақысы жоғары болмаса да, іссапарындағы барлық шығынды компаниянің өзі көтереді. Бұл мереке кезінде берілетін сыйақылардан да жақсы.  

Жалғасы бар...

Сурет: yvision.kz 

Қ. Бүйенбай