Оқушының мінезін сыныптағы орны баяндап берсін

Оқушының мінезін сыныптағы орны баяндап берсін

Әр оқушы мінезіне сай сыныптағы отыратын орнын таңдайды. Бірі – соңғы партаға жайғасып, әңгіме-дүкен құрғанды ұнатса, екіншілері – ұстаздың айтқандарын мұқият тыңдауды жөн санайды.

Бірінші парта. Бұл орынға сыныптың ең үздік, әрі өзгеге үлгі боларлық оқушысы жайғасады. (Кейде мұғалімдер бірінші партаға көру, есту қабілеті нашар оқушыларды да отырғызады). Алайда ұстаз сабақ түсіндіріп тұрған кезде соңғы партаға отырып, өзге оқушыларды бақылағысы келеді.

Шеткі парта. Достарымен бірге көңіл көтеріп, анда-санда жалғыз қалуды жөн көретіндер үшін таптырмас орын. Олар достарымен қызықты оқиғаларымен бөлісіп болған соң сүйікті істерімен айналысқысы келеді.

Соңғы парта. Бұл – ең жалқау оқушылардың сүйікті орны. Соңғы партада отыруды ұнататын оқушылар сыныптастарымның артында ұстаздан тығылып отырамын деп ойлайды. Өкініштеріне орай, керісінше ұстаздар соңғы партада отырған оқушыларға көп назар аударады.

Ал Сіздің сыныптағы орныңыз қандай?

Оқи отырыңыз:

Индиго оқушылар дегеніміз кімдер?

Математика пәнінен шпаргалка

Әлемдегі ең қымбат кітапты білесіз бе?

Ойымызды өсіреміз деп, бойымыз өспей қалатын болды

Сурет: ©Қанат Бейсекеев

Қ. Бүйенбай