АҚШ президенті Дональд Трамп 185 елден импортқа баж салығын енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл жаңалық аясында доллар бағамы қаншалық өзгерді? Massaget.kz тілшісі шолу жасады.
KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 501,57 теңге болып, 1,49 теңгеге төмендеді.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 3 сәуірдегі ресми бағамы - бір доллар үшін 503,05 теңге.
kurs.kz деректері бойынша Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 501,34 теңгеге, сату бағамы 503,49 теңгеге тең. Астанада америкалық валюта орта есеппен 499,59 теңгеден сатып алынып, 505,59 теңгеден сатылып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп шетелден әкелінетін барлық тауарға баж салығы енгізілетінін жариялады.
Базалық тариф 10 пайыз деңгейінде, алайда ол көптеген мемлекет үшін жоғары болмақ. Мәселен, Қытайдан келетін тауарларға баж салығы 34 пайыз, ЕО елдерінен келетін тауарға 20 пайыз, Швейцария үшін 31 пайыз, Ұлыбритания үшін 10 пайыз, Израиль үшін 17 пайыз, Қазақстан үшін 27 пайыз болады.
Ең жоғары төлем Вьетнамға (46 пайыз), Камбоджаға (49 пайыз), Лаосқа (48 пайыз) жүктелген.
Кейінірек Қазақстанның Сауда министрлігі осы жағдайға пікір білдірді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова