Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Қазгидромет Алматы және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"27 наурызда Көкшетау, Павлодар, Өскемен, Семей, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Алматы қалаларында, түнде Астана қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. 

Еске салайық, бұған дейін 27, 28, 29 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Алдағы күндері ауа райына Қазақстан аумағының басым бөлігін қамтитын антициклон әсер етеді. Сондықтан елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Кейбір өңірлерде тұман түсіп, жел күшейеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз