• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Құлыбаевтың көптеген активі қайтарылып жатыр - Саиров

 Құлыбаевтың көптеген активі қайтарылып жатыр - Саиров
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров Massaget TV YouTube арнасына берген эксклюзив сұхбатында заңсыз активтерді қайтару ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ерлан Саиров былтыр мемлекетке қайтарылған активтердің көлемін айтты.

"Қазір мемлекетке Тимур Құлыбаевтың көптеген активі қайтарылып жатыр. Алматыдағы ірі университет қайтарылды, басқа да нысандары қайтарылып жатыр. Басқа да олигархтардың активтерінің барлығы қайтып жатыр. Менің ойымша, бұл жерде ешқандай популизм жоқ. Өзім осы мәселемен айналысып жатырмын. Былтыр жалпы 2 триллион теңге қайтарылды. Бұл - қомақты ақша. Активтерді қайтару одан әрі қарай заң аясында жүре береді. Дәлелденген мәселелер болса, онымен айналысамыз", - деді Саиров.

Депутат Қазақстан қоғамында кедейлер мен байлардың арасы алшақ болмауы керек деген пікірде.

"Қазақстанның экономикасы өте жоғары деңгейде және әділетті болуы керек. Біз әділетті мемлекет құруымыз керек. Қазақстанның осыншама табиғи ресурсы бола тұра, кедейлер саны көбеймеуі керек. Яғни Қазақстан әлеуетті экономикалық деңгейі жоғары, халқының әлеуметтік деңгейі бір-біріне сәйкес келетін, байлар мен кедейлердің арасындағы арақашықтық өте ұзақ емес қоғам болуы керек. Соған талпынып жатырмыз", - деді ол.

Қазіргі биліктің менеджерлік қабілеті ел экономикасын "голландиялық дерттен" шығара ала ма? Банк секторындағы монополиядан (Назарбаев әулетінің маңайындағылар иелік ететін) құтылу үшін қандай қадамдар жасау керек?

Осы және өзге де сұрақтарға депутат Massaget TV YouTube арнасына берген сұхбатында жауап берді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget