Қазақстан қоржынына үшінші қола түсті

Қазақстан қоржынына үшінші қола түсті

Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ІІ жазғы Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен сынға түскен Евгений Поливадов қола жүлдегер атанды.

69 келіде белдесетін жерлесіміз египеттік және өзбекстандық қарсыластарын алып ұрып, жартылай финалда әзірбайжандық Исламбек Дадовқа есе жіберіп алды. Қола жүлде үшін өткен тартыста Евгений Германиядан келген Карен Мосебахтан басым түсті. Нәтижесінде Қазақстан қоржынына 3 қола жүлдені салды. Ал 58 келіде бақ сынаған Райымбек Құрманғали болса бесінші орынды иеленді.

Дәл қазіргі уақытта шаршы алаңда боксшымыз Шалқар Айқынбай қола жүлде үшін жұдырықтасуда.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:sports.kz

О. Сансызбай