Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мен кәсіпкермін / Артық төлемсіз жарнама

Артық төлемсіз жарнама

Артық төлемсіз жарнама

"Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына бизнесмендерден сыртқы жарнаманы орналастыруға қатысты өтініш-шағымдар келіп түсуде. Әкімдіктердің қызметкерлері кәсіпкерлер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. ҚР "Жарнама туралы" Заңын және Салық Кодексі нормаларын түрлі топшылауы осыған себеп болған.

Атап айтқанда, мемлекеттік органдардың айтуынша, 11 сәуірден бастап жарнама беруші "динамикалық" билбордтарға (скроллер) салықты жаңа тәртіппен – экранда көрсетілетін әр бейне үшін төлеуі керек.

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мұндай түсіндірме түбегейлі дұрыс емес деп мәлімдейді.

ҚР Салық кодексі 605-бабының 3-тармағында "сыртқы (көрнекі) жарнама үшін төлемақы мөлшерлемесі сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жері және оны орналастыру жағының ауданы негізге алына отырып белгіленеді" делінген. Яғни төлем роликтер және сурет санына байланысты жүргізілмейді.

Мемлекеттік органдар және бизнес арасындағы түсінбеушілікті алып тастау мақсатында ҚР Ұлттық экономика министрлігі және "Атамекен" ҰКП бірлесіп, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру Ережелерін әзірледі, аталған жоба мемлекеттік органдардың мақұлдауына жіберілді.

Атап айтқанда, Ережелер сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін бірінші айға және келесі айлар үшін төлем мөлшерлемесі Салық кодексі бекіткен ай сайынғы базалық мөлшерлемерге сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жері және оны орналастыру жағының ауданын негізге ала отырып, орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнаманың, соның ішінде суреттер, бейнероликтер санына, сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі қарамағында мемлекеттік тіл және орыс тілінде жазылған жүгіртпе жолдың санына қарамастан, төленген ай ішінде есептеледі.

Аталған ережелер даулы мәселені шешеді.

Сонымен қатар "Атамекен" бизнес өкілдері сыртқы жарнаманы орналастыруға рұқсатты жаңа Заң күшіне енгенге дейін алған болса, онда рұқсат мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болып есептелетінін алға тартады. Сәйкесінше, жаңа хабарлама жіберу талап етілмейді, салықты уақытында төлеген жеткілікті. Алайда, салық төлемін Заңның ескі редакциясында жазылғандай келесі айда емес, ағымдағы айдың 25 жұлдызына дейін жасау қажет.

Сондай-ақ, ережелерде терезе мен витриналарды әрлеу бойынша даулы мәселелер шешілген. Атап айтқанда, терезелерге ақпаратты әйнектің ішкі жағынан ғана және тауарларды немесе қызметтерді сату нүктелерінде ғана орналастыруға рұқсат етілген.

Сұрақтарыңыз болса, мына телефонға хабарласуды сұраймыз: 8 (7172) 919-327 Азамат Бейсембинов.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Massaget
Фото: freepik.com
Қосылған күні: 26 сәуір, 11:55

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.