СҚО полицейлері Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай авто-флешмоб жасады

СҚО полицейлері Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай авто-флешмоб жасады
Фото: tengrinews.kz

СҚО-да полицейлер Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап флешмоб жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бір қызығы, полицейлердің барлығы еліміз тәуелсіздік алған жылы дүниеге келген мамандар екен.


- ҚР Тәуелсіздігінің 80-нен аса құрдасы, солтүстікқазақстандық полиция қатарында жұмыс істейтіндер флешмобқа қатысты, - деп хабарлады Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Twitter желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай флешмобды ОҚО полицейлері де жасады. Флешмобтың видеосы желіде жария болды.

Дереккөз: tengrinews.kz

Ө. Сансызбай