Тәуелсіздікке 25 жыл: 1994-95 жылдардағы тарихи шежіре

Тәуелсіздікке 25 жыл: 1994-95 жылдардағы тарихи шежіре
Фото: TakeFon.com

Тәуелсіздік жолындағы төртінші, бесінші жылдар елдің сыртқы саясатын берік қылғанымен ел ішінде әлі де болса қиыншылық болды. Бірақ береке мен бірліктің арқасында тұрақтылық сақталды. Бұл жылдар ішінде көптеген саяси келісімдер жасалып, елбасы бастаған делегаттар көптеген достастық актілерге қол қойды.

1994 жылы

10-11 қаңтар. ҚР Президенті Н.Назарбаев Өзбекстанға ресми сапармен барды.

20 қаңтар. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Украинаға ресми сапар шекті. Сапар барысында Қазақстан мен Украина арасындағы достық пен ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қойылды.

14 ақпан. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы бойынша Халықаралық Агентствоға (МАГАТЭ) кірді. Қазақстан ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылды.

13-18 ақпан. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев АҚШ-қа ресми сапармен барды. Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан және АҚШ Президенттері Демократиялық серіктестік хартиясына қол қойды.

16 ақпанда Нью-Йоркте Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың БҰҰ Бас Хатшысы Бутрос Б. Галимен кездесуі өтті. Осы кездесу барысында Елбасы БҰҰ Бас Ассамблеясына постконфронтациялық кезең бойынша арнайы сессиясын шақыруға ұсыныс жасады.

18 ақпанда Париж қаласындағы Елисей сарайында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев пен Франция Президенті Франсуа Миттеранның жұмыс бабындағы кездесуі өтті.

20-23 наурыз. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Ұлыбританияға ресми сапары болды. Сапар барысында екі жақты ынтымақтастық негізін қалайтын құжаттарға қол қойылды.

23-24 наурыз. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Испания Корольдігіне ресми сапары болды.

28-30 наурыз. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ресей Федерациясына бірінші арнайы сапары орын алды.

25-28 сәуір. ҚХР Мемлекеттік кеңес Премьері Ли Пэннің Қазақстанға ресми сапары. Келіссөздер барысында Н.Ә. Назарбаев пен Ли Пэн қазақстан-қытай шекарасы жөнінде, Қытайдың Қазақстанға мемлекеттік несие беру және гуманитарлық көмек беру, халықаралық жүк және жолаушылар тасымалын дамыту және тағы да басқа келісімдерге қол қойды.

30 сәуір. Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасында Біртұтас экономикалық кеңістік құру жөніндегі шартқа қол қойылды.

27 мамыр. Қазақстан НАТО-ның «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасына қосылды: БҮС рамалық құжатына қол қойылды.

7-8 тамыз. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ресми сапармен Эстонияға барды.

8-10 тамыз. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Литваға ресми сапары болды.

10-11 тамыз. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Украинаға ресми сапар шекті.

25-28 қыркүйек. ҚР Президенті Н.Ә.назарбаев Сауд Арабиясына ресми сапармен барды. Н.Ә.Назарбаев Король Фахд Бин Абдель Азизбен, Тақ мұрагері Абдалла бин Абдель Азизбен, Қорғаныс және авиация министрі Принц Султан бин Абдель Азизбен кездесті.

16-17 қазан. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Түркияға ресми сапар жасады.

4-8 желтоқсан. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Венгрия Республикасына ресми сапармен барды. Н.Ә.Назарбаев Будапеште ЕҚЫҰ-ның қатысушы мемлекеттері және үкімет басшыларының жұмысына қатысты.

5 желтоқсан. Будапеште Ұлыбритания, Ресей және АҚШ басшылары Қазақстан Республикасына қауіпсіздік кепілдігін беру туралы меморандумға қол қойды. ҚР Президенті Лиссабондық хаттамаға қол қойды.

1995 жылы

23-24 қаңтар. ҚР Президенті Н.Назарбаев Брюссельге сапар шекті. Сапар барысында Қазақстан мен Еуропалық одақ арасында серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Брюссельде Президент Н.Назарбаев НАТО-ның Бас хатшысы В.Класспен кездесті.

3 наурыз. ҚР Президенті Н.Назарбаев Арал теңізін сақтау мәселелері бойынша Орталық Азия мемлекеттер басшыларының кеңесіне қатысу үшін Түрікменстанға сапар шекті.

6 маусым. ҚР Президенті Н.А.Назарбаев Парижге сапар шекті. Онда ол Франция Президенті Ж.Ширакпен кездесті. Мемлекет басшылары кейбір салалардағы екі жақты ынтымақтастықты бұдан әрі дамыту жайттарын талқылады.

22-26 маусым. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Индонезияға ресми сапар шекті. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Индонезия Президенті Сухартомен келіссөз өткізді.

18 тамыз. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшілігін ашу туралы жарлыққа қол қойды.

5 желтоқсан. Қазақстан Республикасы мен Еуропа Одағы арасында сауда туралы келісімге қол қойылды.

@. @assel_assanova