"Жұлдыздар тоғысқанда" фильмі қалың жұртшылық назарына ұсынылмақ

"Жұлдыздар тоғысқанда" фильмі қалың жұртшылық назарына ұсынылмақ

Желіге Нұрсұлтан Назарбаев туралы "Жұлдыздар тоғысқанда" ("Так сложились звезды") фильмінің трейлері шықты. Бұл туынды ҚР Президентінің өмірі мен қызметіне арналған "Елбасы жолы" киноэпопеясының жалғасы болып табылады. 

Фильм сюжеті бойынша ағылшын жазушысы Джереми Вильсон Нұрсұлтан Назарбаевпен сұхбаттасу мақсатында онымен кездесудің ретін іздейді. Алайда жоспарланған сұхбат жас мемлекеттің құрылуын баяндайтын тарихи әңгімеге айналып кетеді. Журналист Нұрсұлтан Назарбаев еске алған оқиғалардың куәсі болып, 1950-1991 жылдар арасында өрбіген оқиғаларға "сапар шегеді".

Фильм режиссері әрі сценарисі осыған дейін "Ақ гвардия", "Брежнев", "Қырмызы гүлдері" секілді туындыларды түсірген ресейлік маман Сергей Снежкин. Басты рөлді танымал актер Берік Айтжанов сомдайды. Картина 28 сәуірден бастап қалың жұртшылық назарына ұсынылады деп жоспарлануда.

Y. Almabek