Грим арқылы шалға айналған кроссфитші жұртты таңғалдырды

Грим арқылы шалға айналған кроссфитші жұртты таңғалдырды
Фото: © Facebook.com

Thrillist компаниясы кроссфит жұлдызы Кенни Леверичті шал етіп гримдеді. Ол өзін 84 жастағы қариямын деп таныстырады. Кенни Леверич Калифорниядағы әйгілі Muscle beach жаттығу залына барып, жергілікті жас жігіттермен күш сынасқан. Осылайша гримделген атлет жас жігіттерді орта жолда қалдырып, жұртты таңғалдырды. Ең қызығы видео бір тәулікте 48 миллион рет көрілген.

Н. Нұрмаханұлы