Google тәуелсіздік күнімен құттықтады

Google тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: google.com

Google мәліметтерді іздеу жүйесі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай логотипін өзгертті. 

Логотип (Doodle) Қазақстан Республикасының Туымен түстес және онда еркіндіктің символы іспеттес қанат жайып тұрған бүркіт бейнеленген. 

Doodle – арнайы мерекелер мен маңызды даталардың құрметіне арнайы шығарылатын логотип.

Айта кетейік,  Google былтыр 25 жылдыққа осындай құттықтау жолдаған болатын. Бірақ былтыр логотиптің ортасында «Алтын адам» бейнеленген еді.

Ж. Жұмағұлов