Тұрақсыз ауа-райы күтіледі

Тұрақсыз ауа-райы күтіледі
Фото: vk.com

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның барлық аймағында тұрақсыз ауа райы сақталып, жауын-шашын күтіледі деп хабарлайды Хабар арнасы.

Оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде толассыз жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде желдің екпіні 23м/с болып, жекелеген аудандарында көктайғақ болады.

Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді. Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.

М. Оңғарова