Қаржы саласындағы қызметкерлерге құрмет көрсетілді

Қаржы саласындағы қызметкерлерге құрмет көрсетілді
Фото: minfin.gov.kz

Қаржы министрлігінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай салтанатты жиналыс өттіп, қаржыгерлерге құрмет көрсетілді, - деп хабарлады ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов салтанат қонақтарына және әріптестеріне жылы сөздермен құттықтау сөз жолдады. Қазіргі заманда қаржы жүйесі қоғам өмірінде маңызды орын алатынын атап өтті. Қызметкерлердің жұмысына деген адал қарым-қатынасы, тәжірибесі және жетілуге деген талпынысы қаржы жүйесін тиімді көтеруге және әлемдегі  ең үздік 30 қатарға шығаруға мүмкіндік береді.

Қаржы министрі жиналған өмірлік тәжірибе және қаржы саласындағы қызметкердің кәсіби әлеуеті қол жеткен жетістікке тоқтамай, біздің мемлекетіміздің одан әрі дамуы үшін көптеген пайдалы іс жасауына мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Б. Сұлтанов қаржы жүйесіндегі ардагерлерге мықты денсаулық пен отбасыларына береке тілеп, алғыс хаттарын табыс етті. Салтанатты іс-шараға қатысқан ардагерлер арасында Валентина Сатқалиева, Әсия Шаихова, Ирина Доможирская және т.б. болды.

Сонымен қатар, министрліктің ұжымына және іс-шараның қонақтарына экс-қаржы министрі Болат Жәмішов сөз жолдады. Жылы құттықтау сөздерін айтып, қаржы жүйесіндегі қызметкерлердің жұмысына деген жауапкершілігі мен маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай, Қазақстан Республикасы қаржы органында мінсіз және жемісті жұмыс атқарғаны үшін, жергілікті атқарушы орган өкілдеріне министрліктің жауапты хатшысы Наталья Коржова «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісін тарту етті.

Ол Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жас мемлекеттің қаржы жүйесіндегі егеменді органы ретінде қалыптасуы туралы атап айтты. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев басшылығымен республика әлеуметтік, экономикалық және саяси саланың дамуында елеулі табыстарға жетті және әлемдік алаңда жекелеген көрсеткіштер бойынша 30 дамыған мемлекет қатарына кіретінін Н. Коржова атап айтты. Жауапты хатшы тәуелсіздік жылдары ішінде еліміздің қол жеткізген жетістіктерін атап айтқанда: ұлттық валютаның енгізілгенін, жаңа бюджеттік және екі деңгейлі банктік жүйе құрылғанын, ұлттық қор қалыптастырылғанын, еліміздің барлық міндеттемелерін жабу үшін жеткілікті алтын-валюталық резерв жинақталғанын қадап айтты.

Іс-шара әсем концертпен аяқталды.

T. Кіршібаев