Алматыда «Жас кәсіпкерлердің диалогтық форумы» өтеді

Алматыда «Жас кәсіпкерлердің диалогтық форумы» өтеді
Фото: fbbank.ru

26 қараша күні сағат 9.00-де жас кәсіпкерлердің эксклюзивті Диалогтық форумы өтеді. Бұл форумды «Болашақ» Қауымдастығы Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері бойынша басқарманың қолдауымен ұйымдастырып отыр.

Диалогтық форумда екі негізгі бөлім болады: «Young Enterpreneurs Store» – жас кәсіпкерлердің әртүрлі қызметтері мен өнімдері ұсынылатын уақытша сауда алаңы, кәсіпкерлердің шеберлік сабақтары болады. Спикерлердің арасында «DiningSmart», «Keremet Art» және «Foodystan» жобаларының негізін қалаушы Жібек Қараманова, ТОО KunTech компаниясының негізін қалаушы Дияз Байсеитов, ТОО JABE-тің негізін қалаушысы Гульжан Калиева және Алматы қаласындағы Bolashak Engineering филиалының директоры Бауыржан Усманов болады. 

Форумға «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары, жас кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес өкілдері, білім және ғылым саласының өкілдері, Алматы қаласы жастар ұйымдарының және мемлекеттік органдарының өкілдері, сонымен қатар БАҚ өкілдері қатысады.

Алматы қаласы бойынша жастар кəсіпкерлігін дамыту мақсатында «Болашақ» Қауымдастығы Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасымен бірлесе отырып инновациялық және бизнес алаңын қолдайтын жобаны жүзеге асырмақ.

Аталмыш жоба барысында «Жобалар жəне өзгерістерді басқару», «Қазақстандық IT стартап – шын немесе қиял?», «Идеядан 10 000 қолданушысы бар төл IPhone қосымшасына 12 аптада жету» деген тақырыптарда семинар-тренингтерді өткізу жəне еліміздің алдыңғы қатарлы кəсіпкерлерімен бизнес-ланчтар ұйымдастыру көзделген, «Bolashak Business Talks» – жас новаторлар, бизнесмендер, кəсіпкерлік пен инновация саласындағы сарапшылардың өзара тəжірибе алмасуына арналған бірегей нетворкинг алаңын құруға бастау берілмек. 

Жоба соңында Жас кəсіпкерлердің диалогтық форумы аясында «Young Entrepreneurs Store» – сауданы көтеру және тұтынушыларды шақыру мақсатында уақытша (1 күн) сауда алаңы өткізілмек.

Ж. Жұмағұлов