Алматыда алғашқы қар...

Алматыда алғашқы қар...
Фото: LiveInternet

Алғашқы қар. Қара жерге пәк дүниенің көрпесін ала келген алғашқы қар. Жастар мен ғашықтардың қаласына айналып кеткен Алматыға да жетті. Қара аспанның түндігін ашып, көктен жерге құлай жауған бұл алғашқы қардың суық емес, ыстық болатынына сенесіз бе?! Иә, қар ыстық болады. Бірақ қолыңыздың тоңғаны емес, бұл жаныңыздың жылынғаны.

Алғашқы қар артынан қылышын сүйретіп қысты әкеледі. Бірақ қыстың өзі бір әлем, ә дегенде жауған қардың әрбір ұшқыны бір әлем. Сезімдер сеңдей бұзылып, ойлар шашырап, кеудеңізге қуаныш сыйлайды. Аппақ қардың ажарына сүйсініп қарау қандай ғанибет.

Кеше ғана сары далаға көміліп жатқан Алматы ақ көрпенің тысына тығылып барады... Ғашықтар әніне салып, көк аспан түймесін ағытып жіберіп адамдардың бойына шаттық сыйлайды. Бұл – алғашқы қар.

Жыл сайын алғашқы қар жауса да, әр жауған сайын тұңғышының жөні бөлек.

Қардай таза сезімдеріңіз мөлдір, қолға тисе еріп кететіндей нәзік әрі жылы махаббатырыңыз мәңгі болсын. Алматыда алғашқы қар...

М. Ақан