Министр Қазақстандағы қауіпті бес аурудың түрін атады

Министр Қазақстандағы қауіпті бес аурудың түрін атады
Фото: ortcom.kz

Қазақстанда инфекциялық емес аурулар деңгейі жоғарылап келеді. Бүгін Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының кеңейтілген жиналысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті. Еске салайық, фракция отырысында «Өлім көрсеткіші жоғары аурулармен күресу бойынша мемлекеттің атқарып жатқан жүйелі шаралары» тақырыбы талқыланған болатын.

«Бүгінгі күні республикамызда, бүкіл әлемдегі секілді инфекциялық емес аурулар түрінің деңгейі жоғарылап отыр. Мәселен, өлім-жітім көрсеткішінде қайтыс болудың жартысына жуығы қан айналымы жүйесі ауруларына тиесілі - 26 пайыз, асқынған миокарда инфаркті - 5,5 пайыз, қатерлі ісіктер - 13 пайыз, жарақат алудан болатын аурулар - 11 пайыз, босану барысында және балалар аурулары - 3,6 пайыз. Сарапшылардың есептеуінше, осы дерттер бойынша шығындар Қазақстанда күтілетін өмір сүру ұзақтығын 8 жылға дейін қысқартады», - деді министр Т. Дүйсенова.

Оның айтуынша, 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» жаңа бағдарламасында жоғарыда аталған 5 ауру түрлерін емдеу мен алдын алуға баса назар аударылады. Өйткені, дәл осы бес бағыттағы ауру түрлері ел демографиясына айтарлықтай әсер етуде екен.

Дереккөз: inform.kz

О. Сансызбай