Алматы балабақшасында өрт-тактикалық сабақ өткізілді

Алматы балабақшасында өрт-тактикалық сабақ өткізілді
Фото: Алматы ТЖД мұрағаты

Алматы қаласының ТЖД №12 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Алматы қаласының Жетісу ауданы №103 санаториялық балабақшасында өрт-тактикалық сабақ өткізді.

Өрт-тактикалық сабақ өткізудің мақсаты  №103 санаториялық балабақшасының әкімшілігімен, тұлғаларымен бірге құтқару және эвакуациялық жұмыстарын өткізу әдіс-тәсілдерін пысықтау.

Сабақтың мысалы бойынша: көлемі 5х8 метрлі ойын бөлмесінде қысқа тұйықталудан от шықтыӨрт сөндірушілер келгенге дейін балабақша қызметшілері 66 баланы қауіпсіз жерге көшірді.

Сабақ өткізу барысында №12 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы мен №103 санаториялық балабақшаның адамдарды эвакуациялау, өртті одан әрі таратпау және оны жоюға қолайлы жағдай жасау, сонымен қатар, өрт сөндіргіш заттарды берудің әдістері мен амалдары бойынша өзара іс-қимылдарын пысықтауға баса назар аударылды.

Сабаққа № 103 санаторлық балабақшасының меңгерушісі Баян Жүнісханқызы, өрт қауіпсіздігіне жауапты Альбина Абдрахманова қатысты. Барлық өрт-тактикалық әдісті қолдануды жоспарлаған іс-шара жоғары деңгейде өтті.

Алматы қаласының ТЖД
баспасөз қызметі

@. @assel_assanova