Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы

Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы
Фото: massagetkz

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жасады. 31 наурыз бен 2 сәуір аралығына арналған ауа райы болжамына сәйкес, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды.

Қазіргі таңда тек оңтүстікте ғана емес, еліміздің барлық аймағында нағыз көктемгі ауа райы сақталып тұр. Оңтүстікте түнгі ауа температурасы +5-10 градус аралығында. Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы арқылы жылжитын оңтүстік циклонға байланысты басым өңірде жауын болып, желдің жылдамдығы секундына 13-20 метрге дейін жетеді. Сонымен қатар кейбір жерлерде найзағай ойнайды.

Алайда мамандардың болжамына сенсек, Ираннан келетін циклон әсерінен ауа температурасы климаттық қалыптан жоғары болады. Тіпті жауын-шашынды күндердің өзінде күн ыстық болады.

Дереккөз:Tengrinews.kz

С. Ерсін