Әбу-Дабиде яхта-клуб отқа оранды

Әбу-Дабиде яхта-клуб отқа оранды
Фото: 24.kz

Біріккен Араб Әмірліктерінің полициясы Әбу-Дабидегі яхта-клубта шыққан алапат өрттің себебін анықтап жатыр. От тұтанған сәтте айлақта 200-ден астам кеме тұрған. Тілсіз жау 8 яхтаны толығымен жойып, тағы бірнешеуін зақымдапты. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. Жалын 2 кемеде тұтанып, басқаларына таралған. Отты ауыздықтауға 9 өрт сөндіру бригадасы жұмылдырылып, олар тілсіз жаумен бірнеше сағат бойы алысты. Бағасы аса қымбат яхталардың иелері кеткен шығын көлемін есептеп жатыр.

Дереккөз: 24.kz

Ж. Исакаев