25-27 ақпанға арналған ауа райы болжамы

25-27 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Фото: massaget.kz

Елімізде алдағы күндері ауа температурасы жоғары болады, − деп хабарлайды "Қазгидромет" кәсіпорны. Назарларыңызға 25-27 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынамыз.

Синоптиктердің мәліметінше, Сібір антициклоны атлантика циклонына байланысты ылғалы мол жылы ауа массасының ығыстыруымен, ыдырайды. Ал оның орнына еліміздің аумағына Ресейдің Еуропалық аумағынан және оңтүстік-батыс Азиядан жылы атмосфералық фронт келеді.

"Атмосфералық фронттарға байланысты еліміздің басым бөлігі жауын-шашынды, бұлтты (жаңбыр, қарлы жаңбыр) болады. Сонымен қатар тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Солтүстік облыстарда желдің жылдамдығы секундына 15-23 метрге жетеді. Дегенмен ауа температурасы климаттық нормадан әлі де жоғары болады", − деп хабарлайды метеорологтар. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

С. Ерсін