Баласы табылған ана барша қазақстандыққа алғысын айтты (видео)

Баласы табылған ана барша қазақстандыққа алғысын айтты (видео)
Фото: tengrinews.kz

Оңтүстік Қазақстан облысында жоғалып кеткен алты жасар Мұхаммед Қамшыбек аман-есен табылды. Ал баланың анасы Жанна Ағабекова ұлының табылуына көмектескен барша қазақстандыққа алғысын айтты.

Еске салайық, Мұхаммед Қамшыбек 20 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысында жоғалып кеткен еді. Баланы Амангелді ауылындағы мектептен үйіне қарай кетіп бара жатқан жерінен алып кеткен. Осыдан кейін оны ешкім көрмеген. Куәгерлер оны 50-55 жас шамасындағы әйелдің алып кеткенін айтқан еді. Бала бүгін Арыс қаласынан табылды. Күдікті сотқа дейінгі тергеуге жіберілді. 

Мұхамедтің табылғаннан кейінгі суреті

О. Сансызбай