Доллар бағамы жаңа антирекорд орнатты

Доллар бағамы жаңа антирекорд орнатты
Фото: www.m-astana.kz

KASE күндізгі сессиясында доллар бағамы 313,99 теңге болды. Валюта бағамы 2015 жылы 9 қарашада орнаған тарихи антирекорд 312,65 теңгеден асып түсті.

11 желтоқсан күні күндіз жасалған бірінші келісім 312,9 теңгемен өтті. Бұл ең төменгі баға, ал ең жоғары баға - 315,19 теңге. Сауданың жалпы көлемі 67,1 миллион долларға тең болды. Саудаға валюта нарығының 23 мүшесі қатысты. Kurs.kz порталының мәліметтері бойынша, қазақстандық ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта 313-316 теңгеге бағаланды.

Бұған дейін KASE таңғы сессиясында доллар бағамының 311,92 теңге болғаны хабарланған еді. Шетел валютасының бағамы үш күн бойы тарихи антирекорд деңгейіне жақындады. Валюта бағамы 307 теңгеден бірінші рет 8 желтоқсанда 308,19 теңгеге көтерілді.

Дереккөз: Tengrinews.kz  

С. Ерсін