Қазақстан банктері теңге салымының максималды көлемін тіркеді

Қазақстан банктері теңге салымының максималды көлемін тіркеді
Фото: kazfin.info

Қазақстандық банктер теңгемен салынған жинақтардың максималды қоржынын тіркеді. Биылғы жылдың қыркүйек айындағы көрсеткіштердің қорытындысы бойынша банктердегі жинақтардың жалпы көлемі 13,9 триллион теңге болды. Ол өткен аймен салыстырғанда 1,2 триллионға жоғары.

Айта кетейік, "Халық" банктің салымдары айтарлықтай артқан − оның қоржыны 245,9 миллиард теңгеге өсіп, 2,20 триллионға жетті. Екінші орында − "Қазкоммерцбанк". Салым көлемі 190,7 миллиард теңгеге артып, 2,92 триллионға жетті. Банк нарықтық үлес салымы бойынша көш бастап тұр  21,4 пайыз. Көшбасындағы үштіктің қатарында "Сбербанк" бар. Оның қоржыны 158,9 миллиард теңгеге артып, 1,20 триллионға жетті. Одан кейінгі орындар "Цеснабанк" пен "АТФБанкте". 

Портал сарапшыларының мәліметінше, жалпы қоржын өсімі бойынша ТОП-5 банктерді Қазақстандағы салым нарығының жартысынан көбі бақылап отыр немесе шамамен 60 пайызы. Сонымен қатар, ТОП-5 банктердің салым өсімі соңғы бірнеше айда байқалды және ол нарықтағы екіұштылықты жеңе алды.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін