Доллар бағамы үш күннен бері бір деңгейде тұр

Доллар бағамы үш күннен бері бір деңгейде тұр
Фото: m-astana

KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 306,57 теңге болды. Дәл осы деңгейде шетел валютасы үш күннен бері тұр. Айта кетейік, доллар 10 қараша күні таңғы сессияда 306,74 теңгеге тең болған еді.

2015 жылдың 12 қарашасында таңғы сессияның алғашқы келісімі 306,6 теңгемен басталды. Ең минималды баға 306,55 теңге болды. Ең жоғарысы — 306,77 теңге. Сауда көлемі 36,3 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 14 мүшесі қатысты. Доллар ақша айырбастау орындарында 305,5-308,8 теңге аралығында сатылып жатыр.

5 қарашада Ұлттық банк резервтерді сақтау үшін ішкі валюта нарығына қатысуын қысқартатыны туралы мәлімдеме жасады. Теңгенің айырбастау бағамының бұдан былайғы серпіні негізінен әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы баға ахуалының серпінімен айқындалатын факторлар әсерінен қалыптасатын болады.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

С. Ерсін