Түркия жағалауында 14 мигрант суға кетті

Түркия жағалауында 14 мигрант суға кетті
Фото: visacomtour.ru

Түркия жағалауында мигранттар мінген кеме су астына кетіп, салдарынан кем дегенде 14 адам қайтыс болды. Олардың арасында 7 бала бар, – деп хабарлайды Gazeta.ru.

Жағалау күзетінің қызметкерлері 27 адамды аман алып қалған. Қайық грекиялық Лесбос аралына бет алып бара жатқан. 

Бұған дейін жыл басынан 1 қарашаға дейінгі аралықта 1,2 млн заңсыз мигрант Еуропа одағының шекарасын кесіп өткені туралы деректер жарияланған еді.

Люксембург СІМ басшысы Жан Ассельборнның айтуынша, ЕО-ға мүше елдер де және ЕО-ға кірмейтін Балқан елдері де босқындарды қабылдайтын жаңа орталықтар құру мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Дереккөз: bnews.kz

Ж. Исакаев