Доллар бағамы көтерілді

Доллар бағамы көтерілді
Фото: newsheadline

26 қазан күні KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 278,55 теңгеге тең болды. Саудаға валюта нарығының 18 мүшесі қатысты. Сауданың жалпы көлемі — 53,5 миллион доллар.

Өткен аптаның соңында доллар бағамы 277,51 теңге болды. Ал 22 қазан күні  278,06; 15 қазан күні  277 теңге. Бұған дейін, 14 қазан күні 276,66 теңге болған еді.

Қазақстанның валюта нарығында 2015 жылы 31 қазанға дейін кемінде 3 миллиард АҚШ доллары сатылады деп жоспарланып отыр. Доллардың ҚР Ұлттық қорынан түсетіні белгілі болды.

Трансферттерді қалыптастыруды жалғастыру үшін доллар теңгеге конвертацияланады.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін