2020 жылы ЕАЭО елдерінде халық санағы өткізіледі

2020 жылы ЕАЭО елдерінде халық санағы өткізіледі
Фото: 24kz

2020 жылы ЕАЭО елдерінде халық санағы өткізіледі. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының кезекті мәжілісінде белгілі болды.

ЕЭК баспасөз қызметінің хабарлауынша, мәжіліс кезінде статистика, өнеркәсіп, монополияға қарсы реттеу және қаржы саясатының мәселелері қарастырылды. «Алқа мәжілісіне қатысушылар ЕЭК Кеңесінің 2020 жылы Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде халық санағын өткізуге дайындық Комиссиясының іс-шаралар жоспарын жасап шығару туралы шешімін мақұлдады. Жоспар статистика саласындағы құзіретті органдардың ақпараттық және методологиялық ынтымақтасуын үйлестіру мақсатында құрылады», — делінген ресми хабарламада. 

Мұның өзінде ЕЭК қатысушы мемлекеттердің халық санағын жүргізу қызметін атқармайды: халық санағын ұйымдастыру жөнінен шешімді әр мемлекеттің үкіметі өзі қабылдайды, - деп хабарлайды BNews.kz.


Дереккөз:24.kz

С. Ерсін