Маңғыстаулық мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге қолдау көрсетілді

Маңғыстаулық мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге қолдау көрсетілді
Фото: 24.kz

Маңғыстаулық мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер өз бизнесін өрге домалатуға мүмкіндік алды.

«Жұлдыздарға қара» әлеуметтік жобасы аясында 3 кәсіпкерге әрқайсысы 200 мың теңге болатын құрал-жабдықтар берілді. Игі жоба «Даму» қоры мен демеушілердің қолдауы арқылы жүзеге асып отыр. Байқау жеңімпазы атанғандардың бірі – Қонысбай Тілеуов.Ол алты жыл бұрын Құрық ауылынан жаттығу залын ашып, кембағал жандардың спортпен шұғылдануына жағдай жасады. Мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер көптен бері спорт залына қосымша құрал-жабдықтар сатып алуды армандап жүрген. Бүгін әлеуметтік жобаның арқасында екі бірдей велотренажерға ие болды.

Қонысбай Тілеуов, кәсіпкер: - Мүгедек балалар 10-15 минут тренажерда жаттығып шынығады. Аяғы зақымданған балалар да бар. Соларға велотренажер болса екен деп армандап жүрген едік. Арманымыз орындалып отыр.

Берік Нұрғалиев, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры МОФ директоры: - Қазір біз байқау жарияладық. Оның нәтижесі бойынша тағы да 2 мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерге көмек көрсететін боламыз. Бұл жобаға 18 жасқа толған кез келген топтағы мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер қатысып, өздеріне қажетті заттар мен құрал-жабдықтарды алуына мүмкіндігі бар.

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы