Алматыда Момышұлы көшесі жабылады

Алматыда Момышұлы көшесі жабылады
Фото: tn.kz

Жұма күні кешке Алматыдағы Момышұлы көшесі жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі метрополитеннің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2 қазанда кешкі сағат 21.30-да көшенің қаланың шығысындағы бөлігі жабылады. Билік мұндай жағдайға метроға жақын маңда газ құбырларының алынуына байланысты барып отыр. "Момышұлы көшесі солтүстік бағытқа қарай, Абай көшесінен Волгоградскаяға дейін жабылады", - деп жазылған хабарламада.

Жұмыстар 3 қазанда сағат 23.30-да аяқталады деп жоспарланып отыр.

М. Бисембаева