Назарбаев АҚШ президенті Барак Обамамен кездесті

Назарбаев АҚШ президенті Барак Обамамен кездесті
Фото: kaz.tengrinews.kz

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Барак Обамамен кездесті.

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары сауда-экономика, инвестиция және отын-энергетика салаларындағы ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылады. Сонымен қатар Қазақстан мен АҚШ көшбасшылары күн тәртібіндегі халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Барак Обама Қазақстан мен Американың серіктестігі өңірдің дамуын, тұрақтылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды екенін атап өтті. 

Дереккөз: Tengrinews.kz 

Е. Жұмабайұлы