Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында екі жүргізуші "дрифт-шоу" жасады

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында екі жүргізуші "дрифт-шоу" жасады
Фото: tn.kz

Алматының Әл-Фараби даңғылында екі жүргізуші "дрифт-шоу" жасады. Екі автомобильдің жоғары жылдамдықта жүріп бара жатқаны көрсетілген видео Instagram желісіндегі "За тебя, Бәке" тобында жария болды. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Оқиға Әл-Фараби мен Сейфуллин даңғылдарының қиылысында болған. Айта кетейік, "дрифт-шоу" кезінде жол бойында кептеліс пайда болды.

М. Бисембаева