Ұлттық банк ЕАЭО-да ортақ валюта пайда болады деген қауесетті жоққа шығарды

Ұлттық банк ЕАЭО-да ортақ валюта пайда болады деген қауесетті жоққа шығарды
Фото: tn.kz

ҚР Ұлттық банкінің өкілдері ЕАЭО-да "алтын" ұлттық валютасын енгізу жайлы қауесетті тағы да жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің қоғаммен байланыс жөніндегі басқармасының басшысы Анель Дәулетқалиеваға сілтеме жасап. Оның айтуынша, бұл қауесеттер "күлкілі".

Мұндай мәлімдемелерді белгісіздер Қазақстанда доллар бағамы 300 теңгеден асқанда жібере бастады. "Бұл үшін ең кемі келісімшартқа (халықаралық - Авт.) қол қойылуы керек. Бізде мұндай мәлімет жоқ. Біз бұл туралы білер едік. Бұған дейін, естеріңізде болса, Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Дмитрий Панкин бірыңғай валюта енгізу мәселесін "алыс болашақтағы" іс деп атаған", - деді Дәулетқалиева. Оның айтуынша, қаржы реттеушісінің өз құрамында мұндай қауесеттерге әрекет ететін арнайы бөлімшелер бар. 

Еске салайық, 2015 жылдың 22 сәуірінде Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов ОКҚ брифингінде Қазақстанның ЕАЭО аясында бірыңғай ұлттық валюта енгізу мүмкіндігін қарастырмайтынын мәлімдеген. "Қазір ақпарат кеңістігіндегі ең маңызды тақырыптардың бірі - Қазақстанның ЕАЭО елдерімен қаржылық-валюталық ынтымақтастық құруы. Біз бұл сұрақты талқыламаймыз. ЕАЭО келісім-шартында бірыңғай ұлттық валюта енгізу қарастырылмаған және ондай жұмыс істелмейді", - деді Жақсылықов.

М. Бисембаева