Қазақстандық банктерде доллар бағамы 300 теңгеден асты

Қазақстандық банктерде доллар бағамы 300 теңгеден асты
Фото: money.gazeta

Қазақстандық банктерде доллар бағамы 300 теңгеден асты. Сағат 12.30-дағы жағдай бойынша, Қазком өзінің ресми сайтына қолма-қол ақшасыз айырбастау үшін 299,62 теңге бағамын қойды. Ал сатып алу бағамын 295,74 теңге деп белгіледі. Өз кезегінде ЦентрКредит пен AsiaCredit Bank ресми сайттарында бағам 301 теңге деп көрсетілген. Еуразиялық банкте - 299,9, ал Qazaq Banki - 296,5.

Ақша айырбастау орындары да бағаны көтерді. Kurs.kz порталының мәліметтері бойынша, алматылық RDK-Exchange №2, Limpopo мен Лимон №1 долларды 297 теңгемен сатып жатыр. "Мер-Нұр" ЖШС 297,5 теңге деген баға қойды.

Айта кетейік, кеше, 15 қыркүйек күні кешкі сессияда ғана доллар бағамы 282 теңге болған еді. Бірнеше сағаттың ішінде бағаның шамамен 20 теңгеге дейін көтерілгенін байқап отырмыз. 

Еске сала кетейік, бұған дейін доллар бағамына түсінік берген Ұлттық банктің өкілдері банктің валюта нарығындағы жағдайға араласпағанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, шетел валютасы үшін ең қолайлы баға 240 теңге шамасында.

Дереккөз: tengrinews.kz

Н. Нұрмаханұлы