Алматыда хостелдерді тонаумен айналысқан ұры ұсталды

Алматыда хостелдерді тонаумен айналысқан ұры ұсталды
Фото: piter4you.ru

Алматыда хостелдерді тонаумен айналысқан ұры ұсталды. Бұл туралы Алматыдағы хостелдердің бірінің иесі Шакир Исламбакиев Facebook-тегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, ұры Өзбекстан азаматы болып шыққан. "Ұры біздің хостелге орналасқанда сезіктенгенім рас. Кейін оның әбден жайғасып алғанын көргеннен кейін ойымнан айныдым. Оған бөлме берместен бұрын құжаттарының көшірмесін алдым", - дейді Шакир Исламбакиев. 

Қонақ жұрт тамақ пісіруге асханаға кеткенде көршілерінің құжаттары мен ақшаларын қалтасына басып тайып тұрған. Полицейлердің көмегімен мигрант көп ұзамай ұсталған. Оның хостелдерді тонаумен жүйелі түрде айналысып жүргені белгілі болды. Ұрының үйінен басқа ұрланған нәрселер табылған.

Шакир Исламбакиевтің айтуынша, қаладағы хостелдердің иелері ұрлықтың алдын алу үшін бір-бірімен тығыз байланыста болуы керек.

Айта кетелік, хостел - төсек жалға берілетін қонақ үй. Алматыда мұндай типтегі қонақ үйлер 4-5 жыл бұрын пайда болды. Бір төсек орынның бағасы, әдетте, 1500 теңгеден басталады.

М. Бисембаева