Қазақстан жоғары оқу орындарына 32 168 грант бөлінді

Қазақстан жоғары оқу орындарына 32 168 грант бөлінді
Фото: tn.kz

Қазақстан жоғары оқу орындарына 32 168 грант бөлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бөлінген 32 168 гранттың 500-і - ЖОО-ға дайындық бөлімдеріне, ал 29 668 грант 1 курсқа қабылданатындарға бөлінген, оның ішінде күндізгі оқу бөлімі гранттарының саны - 29 168, ал сыртқы бөлімдердікі - 500.

"Бөлінген гранттардың ішінде 12,6 мың грант - техникалық және технологиялық мамандықтарды оқытуға, 6 мыңға жуық грант - педагогика саласына, 2 690 грант ауыл шаруашылық және мал шаруашылық мамандықтарына қарастырылған", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, биыл білім гранттарын алуға 67 377 адам қатысады, соның ішінде 53 162 адам - қазақ тілді, ал 14 215 - орыс тілді. Сонымен қатар, "Мәңгілік ел жастары - индустрияға!" жобасы бойынша студенттерді оқыту квотасы шеңберіне 6 457 адам қатысады.

М. Бисембаева