Алматыда жалған құжат көрсеткен Ұлыбританияның 3 азаматы ұсталды

Алматыда жалған құжат көрсеткен Ұлыбританияның 3 азаматы ұсталды
Фото: www.aviatablo.ru

Шекара қызметінің «Алматы» бақылау-өткізу бекетінде (Алматы әуежайы) «Дубай - Алматы» бағытындағы «FZ-701» рейсімен келген Ұлыбританияның 3 азаматы ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Kazinform хабарлады.

Аталған азаматтардың қолжүктерін қарау кезінде Ауғанстан Ислам Республикасының төлқұжаттары және Пәкістан Республикасының куәлік карточкалары табылды. Сондай-ақ, Ауғанстан Ислам Республикасының азаматтары ретінде Ауғанстаннан Дубайға ұшып келгендіктері анықталды.

Бұлар Дубайдағы транзиттік зонада жүріп белгісіз адамдардан Ұлыбритания төлқұжаттарын алады. Сол арқылы Қазақстан Республикасына ұшып келіпті. Мақсаттары - Қазақстан аумағын өткел ретінде қолданып, бір-екі күннен кейін Еуропаға ұшу. Енді аталған азаматтар қайтадан Дубайға депортацияланатын болады. 

Ж. Өрісбай