Биыл Астана бюджетіне 72 миллион теңге түсті

Биыл Астана бюджетіне 72 миллион теңге түсті
Фото: tn.kz

Елорда мәслихатында бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында Астана қаласының Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Жүсіпова басқарманың елорда бюджетін қалыптастыру және әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету үшін бюджет кірісін тиімді жоспарлау мен болжау бойынша жасап жатқан жұмысы туралы айтты, - деп хабарлайды bnews.kz.

«Жергілікті бюджет кірісін болжау Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары негізінде бюджет кірісін болжау әдістемесіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Бюджет және Салық кодексінің, сондай-ақ, басқа да нормативтік құқықтық актілер жағдайларын есепке ала отырып жүргізіледі», - деді Гүлнар Темірханқызы.

Оның айтуынша, биылғы жылдың қаңтар-мамыр айларында Астана қаласының бюджетіне 72 629,1 млн теңге немесе есеп беру кезеңіндегі жоспардың 103,2% түсті, бұл өткен жылдың сәйкес мерзіміндегі көрсеткіштерден 2 254,7 млн теңгеге артық.

М. Бисембаева