Түркістан қаласының аумағы кеңіп, тұрғындар саны артуда

Түркістан қаласының аумағы кеңіп, тұрғындар саны артуда
Фото: unesco.natcom.kz

Киелі Түркістан қаласының аумағы кеңіп, тұрғындар саны арта түсуде, - деп хабарлайды Вaq.kz порталы.

Мұндай қарқынды өсім бар жерде өңірдегі өзекті мәселелер қатары да мол болары заңдылық. Бұл мәселені шешу барысында қала басшылығы шаһар шетіндегі жаңа қоныс аумақтарына ыңғайлы жағдай жасаудың барлық шараларын қарастыруда.  

Қала көлемінде 564 шақырымды құрайтын 485 көше болса, оның 25 пайызы жоғарыда атап өткендей қара жол. Осы мәселенің орнын толтыру мақсатында биыл Түркістан қаласының шеткі аумақтарында орналасқан тұрғын үй массивтерінің он көшесіне тас төселуде.

Түркістан қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Қ.Үркімбаев мұндай жұмыстар алдағы жылдарда да жалғасын таба беретіндігін айтып, жауын-шашын кезінде тұрғындарға қиындық тудырмаудың алдын алудағы нақты қадамы екендігін жеткізді.

Сонымен бірге, биыл Түркістанда 5 көшеге асфальт төселетін болады. Оның ішінде орталық көшелердің кеңейтілетіндігін айта кету қажет. Осылайша түркістандық тұрғындар жол азабынан арылуда. 

Е. Жұмабайұлы