Халыққа қызмет көрсету орталықтарында бірнеше қызмет түрі уақытша шектелді

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында бірнеше қызмет түрі уақытша шектелді
Фото: egov.kz

Бүгін таңғы 08.00 –де ҚР Әділет министрлігінің мемлекеттік «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» деректер базасының істен шығуына байланысты бірнеше қызмет көрсету түрлері уақытша тоқтатылып отыр.

Мемлекеттік деректер базасын қайта іске қосу жұмыстарын «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы ақау анықталған бойда бастап кетті.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Ақпараттық жүйеснің қалпына келтірілгені туралы қосымша хабарланатын болады.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында төмендегідей қызмет түрлері уақытша шектелген:

  1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы;
  2. Жылжымайтын мүлікке иелік етуге құқық беруші құжаттың  көшірмесін беру;
  3. Жылжымайтын мүлік нысандарының техникалық паспортын беру;
  4. Жылжымайтын мүлік нысандарының техникалық паспортының көшірмесін беру;
  5. Жылжымайтын мүлік нысандарының жоспарын (сызбасын) қоса алғанда, тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру;
  6. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар беру;
  7. Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру;
  8. Жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру;
  9. Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру;
  10. ҚР азаматтарын тұрақты мекен жайы бойынша тіркеу;
  11. Тіркеуге және кезекке тұрғызу, сондай-ақ, Жергілікті атқарушы органдар шешімімен мемлекеттік тұрғын үй қорынан оған мұқтаж азаматтарға үй бөлу;
  12. Тұрғын үй көмегін тағайындау;
  13. ҚР аумағындағы жылжымайтын мүліктің орналасу мекенжайы туралы анықтама беру.

ҚР азаматтарын Тіркеу қызметі тұрақты және уақытша тіркеуді қамтитынын атап өткен жөн. Осылайша, азаматтар тіркеу қызметі тек дерекқор ақаулықтары жойылғаннан кейін ғана қолжетімді болады.

А. Оралқызы