- Негізгі бет
- Театр
- Жаңа қойылым! ...
Жаңа қойылым!
Биыл 7 және 8 ақпан күндері М. Әуезов атындағы қазақ Мемлекеттік Академиялық драма театры жаңа қойылымын көрермен назарына ұсынбақ.
«Шырақ жанған түн» деп аталатын пьесасының авторы - ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрлан Оразалин. Ал спектакльдің қоюшы режисері - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрғанат Жақыпбай (Астана қаласы Жастар театрының директоры). Қойылым суретшісі - М.Сапаров.
Нұрлан Оразалин
Нұрғанат Жақыпбай
Осыдан 36 жыл бұрын жазылып, сахналанған қойылымды 2012 жылы Астананың Жастар театры қайта жаңғыртқан болатын. Қойылым алғаш дүниеге келгенде ондағы Таңат рөлін – Нұрқанат Жақыпбай, Нұргүлді – Ғазиза Әбдінәбиева, Сағынды – Досхан Жолжақсынов, көршіні – Қасым Жәкібаев сомдаған болатын.
Астана қаласының Жастар театрының сахналауындағы "Шырақ жанған түн"
Ал Астананың Жастар театры әртістері Әділ Ахметов – Таңатты, Айнұр Рахимова – Нұргүлді, Азамат Есқұлов – Сағынның бүгінгі образын шынайы суреттеген болатын.
"Шырақ жанған түн" - тағдыр соқпақтарында сандалған шынайы өмірде бар жандардың күйбеңін баян ететін драмалық қойылым.
Сағын мен Нұргүл жарасымды, елге үлгі, «қағанағы қарқ, сағанағы сарқ» отбасы. Үйлеріндегі кезекті бір қонақ қабылдауда кездейсоқ телефон Сағынның көңіліне сызат түсіріп, олардың өзара ренжісуіне себеп болады. Нұргүл түн ішінде үйден кетіп қалады да, ойламаған жерден Таңатты жолықтырады. Осы түн спектакль кейіпкерлері үшін тазару, арылу түніне айналады. Ал, «марстық» кейіпкер Таңат «Мен барлығыңызды жақсы көремін» дегенді көрерменіне де қарата айтатыны бекер болмаса керек.
Спектакльде театрдың талантты жас буындары Еркебұлан Дайыров, Ләззат Қалдыбекова, Гүлнұр Шыңғысова, Алмас Шаяхметов, Рүстем Жанамановтардың қызғылықты ойындарын тамашалай аласыздар.
Театрда кездесейік, ағайын!
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
суреттер: astana-akshamy.kz , egemen.kz, writers.kz
А. Әбілхан