Бүгін халықаралық театр күні

Бүгін халықаралық театр күні

1961 жылы Халықаралық Театр институты Вена қаласында өткен IX конгресінде 27 наурызды «Халықаралық театр күні» (World Theatre Day) деп бекітті. Жыл сайын көктем мезгілінің алғашқы айында бұл мерекені Халықаралық Театр институты мен дүниежүзіндегі театр қауымдастықтары атап өтеді.

Халықаралық Театр институтының басты мақсаты әлемдегі барлық театр қауымдастықтары мен өнер қайраткерлерінің шығармашылық жолындағы татулығы мен байланысын нығайту мен дамыту болып табылады. Халықаралық театр күніне орай, алғашқы жолдауды француз жазушысы мен суретшісі Жан Кокто (Jean Cocteau, 1889—1963) жазған болатын.

Театр атауы көне грек тілінің "theatron" (θέατρον) сөзінен шыққан. Комедия мен трагедия - театрдың ең танымал жанрлары. Екі жанрды сипаттайтын бетперде театр нышанына айналған.


Халықаралық театр күні – бұл театр қайраткерлерінің кәсіби мерекесі ғана емес, күллі өнерсүйер қауымның төл мерекесі. Сахна саңлақтарының кәсіби мейрамы жыл сайын атап өтіледі. Қазақтың қара шаңырағы саналатын М.Әуезов атындағы академиялық драма театры жыл сайын мереке қарсаңында «Театр көктемі» атты фестиваль өткізеді. Биылғы фестиваль белгілі актриса, сахна тарланы Шолпан Жандарбекова есімін жаңғыртты.

Суреттер: igorlifanov.ru

Ғ. Ұзақ