- Негізгі бет
- Театр
- Ғ.Мүсірепов театрында «Шығыс...
Ғ.Мүсірепов театрында «Шығыс хикаясы» шақырады!
Құрметті театрсүйер қауым, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры тағы бір су жаңа спектакльдің тұсауын кеспек.
Мамыр айының 29-30-31-іне жоспарланып отырған «Шығыс хикаясы» атты жаңа қойылымның жанры – музыкалық комедия.
"Шығыс хикаясын" сахнаға даярлайтын шығармашылық топ:
Авторы және қоюшы режисері - Талғат Теменов, Қазақстан Ленин Комсомолы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық әртісі, профессор
Қоюшы суретшісі - София Тасмағамбетова
Балетмейстері - Иван Фадеев, «Жаңа Опера» театрының балетмейстері (Мәскеу қаласы)
Музыкамен көркемдеуші - Талғат Теменов
Режисердің ассистенті - Арай Ырым
Пушкиннің ертегісі желісі бойынша дайындалған спектакльдегі би қимылдарын жасау үшін режисер Талғат Теменов Мәскеудің "Жаңа театрынан" балетмейстер Иван Владимирович Фадеевты шақырған болатын. Айта кетейік, атақты балетмейстер осыған дейін де Ғ. Мүсірепов атындағы театрдың актерлерімен жұмыс жасаған. Бір жыл бұрын жарыққа шыққан "Кармен" қойылымның би қиымылдарын да осы балетмейстер қойып берген.
Спектакльге дайындықтан көрініс:
"Шығыс хикаясында" сұлтанның рөлін ойнайтын Мақсат Сәбитов: "Спектакль сценарийі бойынша, бір елді басқарып отырған сұлтан өзіне жар іздейді. Сол мақсатта қарапайым шалдың кейпіне еніп, халықтың арасында жүреді. Осы ісі арқылы қара халықтың сұлтанға деген көзқарасын білгісі келеді. Жар іздеуді жалғастыра береді. Көп арулар арасынан жолыққан бір қыз: "Мен сұлтанға тамақ беріп тойдырсам" деп, ал екіншісі: "Мен сұлтанның бүкіл киімін бүтін қылсам" деп айтады. Ал үшіншісі: "Мен сұлтанға ұрпағын жалғастыратын ұл туып берсем" деп тілейді. Осы қызға көңілі ауған сұлтан онымен қосылып, ұлды болады. Қалған аруларды тоқал етіп алады. Бірақ олар арам ойын жүзеге асырып, бәйбішесіне қастандық жасайды. Спектакль осылай өрби береді", - дейді.
Спектакльде Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының төмендегі актерлері өнер көрсетеді:
Динара Әбікеева
Ерлан Төребаев
Бақыт Тушаев
Басталуы: сағат 18.30
Анықтама телефондары: 271-42-37, 273-22-48.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: Ақерке Әбілхан
А. Әбілхан