- Негізгі бет
- Тұлға
- Өз-өзіңді жақсы көрген...
Өз-өзіңді жақсы көрген сәттен бастап...
Чарли Чаплиннің 70 жас мерейтойындағы айтылған сөздері.
Өз-өзімді жақсы көрген сәтте, мұң мен қайғы-қасірет дегеннің не екенін түсіндім. Ол - өз табиғатына қарсы өмір сүрген сәттегі ескерту сигналдары. Ал бүгін мұның Адалдық екенін білемін.
Өз-өзімді жақсы көрген сәттен бастап, адам баласының ең қатты ренішін түсіндім. Ол - дайын еместігін және уақыты жетпегендігін біле тұра, сол адамға өз арман-тілегіңді арқалатқаның. Тіпті, ол қатарда өзім болсам да. Ал бүгін мұны Құрмет деп айтамын.
Өз-өзімді жақсы көрген сәттен бастап, басқа өмірді армандауды доғардым. Айналамдағы қоршап тұрған нәрселердің барлығы дерлік өсіп-өркендеуге шақыратынын көре алдым. Ал бүгін мұны Толысу деп айтамын.
Өз-өзімді жақсы көрген сәттен бастап, кез келген оқиғаның іс барысында сол уақытта, сол жерде табылатынымды және бәрі де керек уақытында болып жататынын түсіндім. Әрқашан байсалды бола алам. Ал бүгін мұны Сенімділік деп айтамын.
Өз-өзімді жақсы көрген сәтте, уақытты текке шашуды ұмытып және алдағы болашақ үлкен армандар туралы ойлануды доғардым. Ал бүгін мен өзіме қуаныш әкелетін және өзім жақсы көретін, жүрек қуанышын сыйлайтын істерге ғана бой ұрып, өмір арнасынан ауытқымай атқарып келем. Бүгін мен мұны Жеңілдік деп айтамын.
Өз-өзімді жақсы көрген сәттен бастап, денсаулығыма зиян тигізетін бар нәрседен аулақтандым - ас, адамдар, киім-кешек, іс-оқиғалар. Иә, жолдан тайдыратын барлық нәрседен. Бүгін мен оны өз-өзіме деген Махаббат деп білемін.
Өз-өзімді жақсы көрген сәттен бастап, шыншыл көрінуге тырыспайтын болдым. Және содан бері шыншыл боп келем. Бүгін мен мұның Қарапайымдылық екенін түсіндім.
Өз-өзімді жақсы көрген сәттен бастап, өткен күн туралы алаңдап және болашақ туралы мазалана бермейтін болдым. Мен мұны Қанағаттану деп айтамын.
Өз-өзімді жақсы көрген сәттен бастап, өз ақыл-ойымның өзімді мазаларын және тіпті, ауру қыларын түсіндім. Есесіне жүрек арқылы байланыстырып көрген болатынмын. Нәтижесінде менің ең бағалы одақтасым дүниеге келді. Бүгінде осы бір байланысты жүрек Данышпандығы деп айтқым келеді.
Біз енді өзімізбен және өзгелермен арадағы дау-жанжалдан, қақтығыс пен пікірталастардан қорықпауға тиіспіз. Тіпті, жұлдыздар да соғысып жатады. Өз кезегінде жаңа әлемдер түзіледі. Бүгін мен мұның Өмір екенін білемін.
сурет:liveinternet.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига