Әйгілі өнер жұлдыздарының жұмбақ өлімі

Әйгілі өнер жұлдыздарының жұмбақ өлімі

Тарих сахнасында әлемге әйгілі қаншама көркемөнер жұлдыздары бой көрсетті. Таңғажайып табысқа жетіп, өз көрермендері, тыңдармандары, жанкүйерлерінің жүрегінен өшпестей орын алды. Кейбірі өмірден ерте кетіп жатты. Оларға не үшін өлімнің соншама жақын болатынын кім біліпті дейсің?! Ем табылмас дерттен, шырғалаңнан, қапияда жолыққан ажалдан, ал кейбірі ашықтан-ашық қастандықтан. Ал кейбірі әлі күнге дейін өз биігінен түскен жоқ. Түскен жоқ емес, керісінше, күн сайын табыстан-табысқа жетуде.

Алайда біз тек атын еститін, көк жәшіктің терезесінен ғана көретін, кез келген екі аяқтының қолы жете бермейтін осынау әншілер мен бишілердің, кино актерлері мен әр сала қайраткерлерінің жеке тағдыры жөнінде ойланғанда, көз алдымызға тек бақытты ғұмыр, көл-көсір ақша, орасан зор даңқ пен атақ қана елестейді. Дегенмен, олардың қаншама қысым мен қорқыныш ішінде өмір сүріп келе жатқаны тек өздеріне ғана мәлім. Жер бетіндегі адамзат атаулыға танымал өнерпаз атулы өмірдің ләззатын ғана көріп келе жатқандай боп көрінгенімен, олардың басым көпшілігінің ғұмыры жүрек түкпіріндегі алаңдаушылық пен әлденеге деген кіріптарлық, әлде біреуге деген бағыныштылық, үрей ішінде өтетінін біз біле бермейміз.

Біз төменде өз дәуірінде даңқы бүкіл жер бетін шарпыған, теңдессіз атақ-абырой мен байлыққа кенелген бірнеше әншілер мен өнер жұлдыздарының өмірден өткен күніне назар аударып көрелік. Бұлардың өліміне улы ішімдік, тыныштандыру дәрісін көп тұтыну немесе қатерлі ісік аурулары себеп болған деп үкім шығарылған.

Майкл Джексон (Әлемдік ән патшасы)

Фарра Фосетт (Әлемге әйгілі кино ханшайымы, әнші)

Скай Саксон (Әлемге әйгілі музыкалық топтың бас әншісі)

Джеймс Браун (Өз кезегінде әлемдік деңгейде ән өнерінің жұлдызына айналған өнерпаз)

Дин Мартин (Голливуд Оскар кино патшасы атанған)

Эрта Мэй Китт (Әлемге әйгілі кино әртісі әрі әнші)

Лиза Лопес (Ол сахнаға шыққан дәуір «Лиза Лопес дәуірі» деп аталған, әлемге әйгілі әнші)

Роджер Траутман (Рок музыкасының әлемге әйгілі жұлдызы. Осы саладағы ең беделді әнші болған)

Аалия Хогтон (Ол сахнаға шыққан жылдары қатты дәурендеген, «Американың ең беделді негр әншісі» болған)

Кейбіреулер жоғарыда аталған әншілердің тағдырында таңғажайып ұқсастықтардың болғаны жөнінде айтады. Ең бастысы, бұлардың бәрі де өз өлімдерін болжап кеткен, тіпті, өзінің ең жақын, жанашыр адамдарына әлде кімдер жағынан қысым көріп жүргенін айтып, мұңын шаққан көрінеді. Ал бұл әншілердің өлімін тексермек болғандар да үзілді-кесілді өз жұмысын доғарған. Еш себепсіз. Ал кейбір деректер бұл әншілер мен өнер жұлдыздарының белгілі бір қоғамдық ұйымға мүше болғанын растайды. Бір қызығы, осы аталған тоғыз өнер жұлдызы да өмірінің соңғы күндерінде сол бір белгісіз ұйымнан бас тартқан. Бұл жайлы нақты деректер де бар. Мұның ішінде Майкл Джексон өзінің қастықпен өлтірілетінін болжап кеткен. Ол өмірінің соңғы кездерінде өзіне қастандық жасайтындардың кім немесе қандай ұйым екенін айтпаған, тек «әлдекімдер маған құқай көрсетуде, мен өлетін болдым» деген секілді сөздерді айтқан. Сол үшін де оның өлімін қастандық болуы мүмкін деп мөлшерлеген әншінің отбасы оның дәрігерін күмәнді деп, сотқа шақырған. Қоғамда біраз уақыт дүмпу тудырған бұл сот та аяқсыз қалды немесе ешкімді кінәлі деп тапқан жоқ.

Бәрінен де үрейлі, тылсым, қызықты мәлімет мынада жатыр. Бұл өнер жұлдыздарының өмірден өткен күндері бірдей.

Майкл Джексон          25.06.2009

Фарра Фосетт            25.06.2009

Скай Саксон                 25.06.2009

Джеймс Браун           25.12.2006

Дин Мартин                25.12.1995

Эрта Мэй Китт           25.12.2008

Лиза Лопес                25.04.2002

Роджер Траутман      25.04.1999

Аалия Хогтон             25.08.2001

Біздің айтып отырғанымыз тек қана бүкіл әлемді аузына қаратқан әншілер мен кино саласындағы қайреткерлер, сонымен қатар, өмірден өткендердің бір бөлімі ғана. Егер, осы әйгілі әншілердің тағдыры, өлімі жайлы интернет беттерін парақтасаңыз, бұдан да көп таңғажайып мәліметтерді табуға болады. Дегенмен, қайсы шын, қайсы жалған, біліп болмайсыз. Біз тек, сіздермен нақты әрі қызықты деректермен ғана бөлістік. Сіз не ойлайсыз?..

Автор: Алшын Матай

Сурет: blogspot.com, eil.com, peoples.ru, baidu.com

Қ. Қауымбек