- Негізгі бет
- Тұлға
- Шымкенттік қыз Қазақстанның...
Шымкенттік қыз Қазақстанның ең әдемі аруы
«Мисс Қазақстан-2012» атанған Жазира Нұрымбетова Шымкент қаласынан. 21 жастағы сұлудың негізгі мамандығы – бухгалтер және ол модель болуға асықпайтын көрінеді.
Қазақстанның дәстүрлі түрде өтетін басты сән байқауында ол түрлі аймақтан барған 25 қыздың ішінен таңдалып отыр. Реті бойынша, ол 2011 жылғы Қазақстан аруы Айнұр Төлеуованың қолынан бас каронаны киді.
Жазира қазылар алқасының таңдауы өзі болғанына таңданыс білдірді. Ол журналистерге айтқан сөзінде Астаналық қыз ьірінші орынды алады деп ойлағанын айтқан.
Қазіргі таңда ол 4 курс студенті және бухгалтер болып жұмыс жасайды. Ал сән моделі болу-болмауын ата-анасымен ақылдасып отырып шешетінін жасырмады.
Ол спортпен айналысатын қарапайым қыз. Көркем гимнстикамен де айналысатыны белгілі болған. Ал қолы бос уақытта тапжылмай Абайдың шығармаларын оқитынын айтты. Сонымен қатар, «Іңір» фильмінің басты кейіпкері Одри Хэпберн оның кумирі саналады екен.
Бірінші вице-мисс 22 жастағы Әлия Маханова (Ақтөбе) атанса, астаналық 20 жастағы бойжеткен Гүлстан Омарова екінші вице-мисс атанды. Қазылар алқасының үшінші орынға лайық деп тапқан таңдауы 24 жастағы алматылық ару Карина Жетесоваға түсті.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: news.mail.ru
А. Құлтай