Еркін Нұржанов екінші рет үйленді

Еркін Нұржанов екінші рет үйленді

Қазақстан эстрадасының өнерпазы Еркін Нұржанов шаңырақ көтерді. Бұл туралы ол өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады. Еркіннің таңдауы бұл жолы Динара есімді тараздық аруға түскен екен. Ұзынқұлаққа сенсек, Динара Еркіннен 14 жас кіші. Той Шымкент қаласында дүркіреп өтті. Екі жастың қуанышын бөлісуге өнердегі жора-жолдастары келді.

Көпшілікке мәлім, Еркін Нұржанов 2011 жылы алғаш рет отбасын құрған болатын. Алайда Еркін мен оның алғашқы жары болған Аягөз арудың дәм-тұзы жараспай ажырасып кетті. «Жүрегімде қап қойған, жаным, саған кім екен Аягөз деп ат қойған?» деп Еркіннің әнге қосқан Аягөзімен некесі сәтсіз болды.

Өз кезегімізде Еркін мен Динараға отбасылық бақыт, шаңырақтарының берік болуын тілейміз! 

Сурет: Instagram.com

Дайындаған: Диана Мамытбекова

A. Mustafina